Елбасымыз
біраз жастарды еліміздің болашағы үшін білім алып, тәжірибе жинақтасын деп
шетелдерге оқуға жіберді. Қазір «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген
жастар туралы әртүрлі пікірлер айтылып жүр ғой, кейде кемшіліктерімізді айтып,
кінәлап та жататындарды көріп жүрміз. Бірақ бұл шетелдерге барып білім алған
жастар басқа мемлекеттің азаматтары емес қой.