Жаңа жыл мейрамы күндері Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы қайырымдылық акциялар мен іс-шараларды өткізуді жалғастыруда. Қауымдастықтың Алматы қаласындағы филиалының директоры Болатбек Жүнісовтің айтуынша болашақтықтар Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Нұр» балалар үйіне жақында «Нива» автокөлігі мне 200 дана аяқ киім сыйлап, серіктік теледидар қондырғысын орнатты.
Қауымдастық мүшелері өздерінің жас достарымен демалыс кезінде де қатынастарын үзбейді. Жетекшілер ойындар, байқаулар, концерттер, эстраданың әйгілі жұлдыздарының қатысуы қарастырылған бағдарламаны жасады. Ересектермен бірге «Нұр» балалар үйінің тәрбиеленушілері де өз өнерлерін көрсетпек. Олардың арасында дарынды балалардың саны аз емес.
Қауымдастықтың белсенді мүшелері басқа балалар үйлерінде, интернаттарда, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда да қайырымдылық кездесулер мен акциялар өткізеді. Мысалы, «Кеңес» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мен Казкоммерцбанкпен бірігіп, мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін Эдуард Казарян, Андрей Нода, Марат Бекеев секілді әйгілі суретшілердің қатысуымен мастер-класстар өткізді. Осы жылдың қаңтар айында Қауымдастықтың белсенді мүшелері Қазақстан сауда биржасымен бірге Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері үшін оларды жұмысқа орналастыру мақсатымен трейдерлер байқауын ұйымдастырады. Спикерлер мен шетелдік қонақтар тренингтер мен семинарлар өткізеді. Ұйымдастырушылар студенттермен бірге Википедияны қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа ақпараттық тақырыптық материалдармен толықтырмақ.

Проголосовавшие: