«Болашақ» Қауымдастығының қоры «Тілектер ағашы» қайырымдылық акциясының басталуы туралы жариялайды!
Желтоқсан айының басында «Хан Шатыр» және «Сарыарқа» сауда-сауық орталықтарында «Тілектер ағаштары» орналастырылды. Ағаштар бұталарында балалар үйлері тәрбиеленушілерінің тілектері мен армандары жазылған конверттер ілінген. Ағаштағы конвертті алып, балалардың тілегін орындау сенің қолыңда екендігіне көз жеткіз. Балалардың тілектерін орындау әбден мүмкін.
Акцияға «SOS Астана балалар үйі» мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар үйінің тәриеленушілері қатысады. Іс-шараны «Болашақ» Қауымдастығының қоры «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп өткізеді.
Акциямен бірге астаналық балал үйлерінің тәрбиеленушілері үшін жаңа жылдық мерекелік іс-шараларды өткізу үшін қаражат жинау басталды. Балалар үшін 19 желтоқсан күні «Хан Шатыр» ССО-ғы «Sky Beach Club» жағажайына серуен, компьютерлік ойындар клубында (Sony PlayStation) сайыс өткізу жоспарлануда. Қаражат балалардың тамақтануы мен тасымалдануын қамтамасыз ету үшін қажет.
«Болашақ» корпоративтік қоры
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы,
«Сарыарка» ауданы, 181-көше, №4 ғимарат
РНН: 620300337559
БИН 110240018399
Кбе 18
БИК: KZKOKZKX
ИИК(IBAN) KZ039261501158522000 KZT
«Казкоммерцбанк» АҚ










