Bolashak.kz–AWARD.kz премиясының иегері!!

"Болашақ" Қауымдастығының ақпараттық порталы AWARD.kz -2011 Ұлттық интернет-премиясының иегері атанды. "Болашақ" стипендиясының стипендиаттары мен түлектерінің сайты "Қоғамдық ұйымдар" номинациясында 0,2 ұпай айырмашылықпен екінші орынға ие болды. Аталған номинация бойынша 60 интернет-ресурс қарастырылды. Байқауға қатысқан 975 сайттың ішінде біздің сайтымыз "Мемлекеттік тілді үздік сайт" номинациясында 8-ші орын алса, "Үздік екі тілді сайт" номинациясында 7 орынға ие болды.  

Tengrinews.kz  сайты Гран-при жүлдесін жеңіп алып, 2011 жылдың үздік сайты атанды. 

Біздің достарымыз «KAZNET Media» компаниясын "Үздік веб-студия" номинациясында жеңімпаз атануымен құттықтаймыз. 

Премияның ресми сайтындағы ақпарат бойынша ҚР Парламентінің заң шығару және қоғамдық қызметіне белсене қатысқан депутаты Мұрат Әбеновке (muratabenov.com) "Қазнеттің дамуына қосқан үлесі үшін" жүлдесі берілді. 

9 Ұлттық интернет премиясы жайлы толығырақ ақпаратты www.award.kz сайтынан көруге болады.


18.11.2011 6680 0 0 Версия для печати
Проголосовавшие:

Жауаптар

RSS