«Болашақ жастар үшін» Астана қаласында

«Болашақ жастар үшін» Астана қаласында
«Болашақ жастар үшін» жобасының аясында ағымдағы жылдың 30 қыркүйек және 13 қараша аралығында жастардың табысты инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында  «Болашақ» қауымдастығы бүкіл республика көлемінде семинарлар тізімі мен білім беру семинарларын өткізеді.    

Оқу-семинарларын аймақтардың ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі салалардың дамуын болжау мен стратегиялық жоспарлау тақырыбында, индустриялы-инновациялық даму саласындағы, кіші және орта бизнестегі, мемлекеттік саясат саласындағы сарапшылар жүргізеді. Алғашқы семинарлар Өскемен, Алматы, Атырау, Петропавл, Қызылорда қалаларында өткізілді.

Қараша айының 4-5 күндері Астана қаласында алтыншы семинар өткізіледі. Екі күндік білім беру бағдарламасы «Форсайт-зерттеу», «Инновациялық жобаларды ұсыну, «Стартаптың потенциалын бағалау», «Интеллектуалдық шеберхана», «Қисынды ойлау» атты бөлімдерден тұрады.Аталмыш семинарларды халықаралық «Enterra» психология және  даму орталығының жетекшісі  Людмила Бурлаченко, Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісінің орынбасары Талғат Баймағамбетов,  «Болашақ» Қауымдастығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Аян Әлжанов жүргізеді.

Аталмыш іс-шараның алғашқы күні семинарға қатысушылар «Аймақтың даму стратегиясы: мақсаты, бағыттары, мүмкіндіктері, мәселелері» тақырыбында, «Білім қуаты» ұжымдық ойлаудың инновациялық технологиясын меңгеру мен қолдану» модулі бойынша ой қозғайды. Сонымен қатар, қатысушыларға аймақтың дамуы жөніндегі топтық жобалардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау ұсынылады.        

Семинарларға қатысудың талаптарымен «Болашақ» қауымдастығының сайтында танысуға болады www.bolashak.kz.

Журналистерді аккредитациялау келесі телефон нөмірі бойынша жүргізіледі: 707 669 Ляйля Саруар.

Өткізілу орны мен уақыты:

4 қараша, 11:30

Астана қ., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,

Бас ғимарат,

Мәжіліс залы, 259-бөлме

Байланыс телефоны:

8 701 612 30 40 (Аян Әлжанов)

8 777 866 00 09 (Ермек Рақымов)

03.11.2011 2498 0 0 Версия для печати Пригласить друга
Проголосовавшие:

Жауаптар:

RSS

Комментировать с помощью: