02.03.2010
ҚР Премьер-Министрі РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловты Ресей Үкіметінің басшысы Владимир Путинмен кездесуге әзірлік ауқымында қабылдады, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Министрлер Кабинеттері басшыларының Мәскеудегі кездесуінде екі ел арасындағы Кеден одағы ауқымындағы ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер талқыланатын болады.

К.Мәсімовтің атап көрсеткеніндей, Қазақстан, Ресей және Беларус президенттері қол жеткізген Кеден одағын құру жөніндегі уағдаластық іс жүзінде жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Кедендік кодекске түзетулер бойынша бірлескен шешімдер қабылданды, импорттық баждан түсетін ақша қаражаттарын бөлу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Таяу уақытта тараптар кеден қызметтерінің өзара іс-қимылы мәселелерін келісуі, кеден бекеттері жұмысының бірыңғай регламентін жасауы тиіс.

1 2 3 4 5
Сауал
Азиада-2011, Алматы-Астана. Cіздің ойыңызша, оның негізгі қолданбалы маңызы неде?
«Азиада» Қазақстанға деген әлемдік қоғамдастық көзқарасын нығайтуға септігін тигізеді
Біздің еліміздегі спорттың дамуына жаңа серпіліс береді
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына туристтерді тарту құралына айналады
Іс-шараны өткізуге жұмсалатын қыруар қаражат шығынымен салыстырғанда алынатын пайда тым аз және түкке тұрғысыз

Аталған мәселені толығырақ біздің форумда талқылай аласыз
Тіркеу/Кіру
Логин:
Пароль:
Тіркеу
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан